Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған депутат сынға қалды: Мәулен Әшімбаев бұған не дейді?

Сағыныш Сардарова 11 сент. 2025 11:50

Кеше Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров жұрттың сынына қалды. Бүгін Сенат дәлізінде бұл жайтқа Сенат спикері Мәулен Әшімбаев пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол көрші палатадағы депутаттардың әрекетіне пікір білдіру "дұрыс емес" екенін жеткізді. Десе де журналист "Сенатта мұндай жағдайы болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көретін болса, мүмкін. Бірақ әзірге мұндай жағдай болған жоқ", - деп жауап берді Әшімбаев.

Еске салайық, кеше Ардақ Назаров анасының 70 жылдық мерейтойы екенін айтып,сөзін тілектен бастады.

"Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін", - деді ол.

Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне наразылық танытып, "Мәжілісті ойыншыққа айналдырдыңдар" деп те сынады.

"Анасын үйде құттықттамай ма? Ойыншық қылды Мәжілісті", "Заң шығаратын орын емес пе? Тілек айтатын жер емес", - деді олар.


Рекомендовать
Последние новости