Балқаштағы мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарады

Сағыныш Сардарова 09 сент. 2025 09:26

Әлеуметтік желілер мен Telegram арналарда Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылды деген қауесет тарап жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қарағанды облысы Полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім беру мекемелерін полиция қызметкерлері тексерді, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Полиция Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатушылыққа ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.


Рекомендовать
Последние новости