Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған депутат Назаров жұрттан сөз естіді

Сағыныш Сардарова 10 қыр. 2025 14:22

Мәжіліс отырысында анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаров жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ардақ Назаров анасының 70 жылдық мерейтойы екенін айтып,сөзін тілектен бастады.

"Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге, жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз мәңгі бірге болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін", - деді ол.

Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетіне наразылық танытып, "Мәжілісті ойыншыққа айналдырдыңдар" деп те сынады.

"Анасын үйде құттықттамай ма? Ойыншық қылды Мәжілісті", "Заң шығаратын орын емес пе? Тілек айтатын жер емес", - деді олар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар