Атырау қаласына Қарағандыдан арнайы келіп, есірткі сатқан әйел ұсталды

Dalanews 10 февр. 2022 14:08 878

5 ақпан күні Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ​«Құқықтық тәртіп» жедел іс-шарасы барысында 1990 жылытуылған күдіктінің жеке басы мен жалдамалы пәтерін тінту кезінде 70 дана синтетикалық есірткі заты және есірткі дайындауға арналған құралдары табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тергеу барысында күдікті қала аумағында жасырылған 70 грамм есірткі заттарын көрсетті. Жасырын есірткі тасымалдаумен айналысып жүрген әйел адамның айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын сату үшін Қарағанды қаласынан Атырау қаласына ​ арнайы келген.

– Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен, яғни (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) ​ тіркелді. Айта кетейік, бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азаматша Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына  қамауға алынды, –дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Рекомендовать
Последние новости