Елорда тұрғыны өзін ауқатты кәсіпкер ретінде таныстырып, 4 жәбірленушіні автонесие алуға көндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде берген. Бірақ көп ұзамай көліктерді Ресей Федерациясына тасымалдап, сатып, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Жәбірленушілер миллиондаған доллар қарызымен қалған.
Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асты.
"Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған хабарламада.