Астанада табысы 35 482 теңгеден аспайтын тұрғындар әлеуметтік көмек ала алады

Dalanews 06 апр. 2023 06:10 978

Табысы 35 482 теңгеден төмен елорда тұрғындары әлеуметтік көмек ала алады. Бұл туралы Елордалық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Таласова мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» Заңының бабына сәйкес, Астана қаласында тұрақты тіркелген Астана қаласының тұрақты тұрғындары атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Тоқсан сайын тағайындалатын және ай сайын төленетін атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттарды ұсыну үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткерлер Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайында орналасқан «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығына жүгіне алады, – деді Айгүл Таласова.

Оның айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін табыс туралы мәлімет беру керек. Отбасының жиынтық табысын есептеу туралы заңнамаға сәйкес табысұа жалақы және әлеуметтік төлемдер түрінде алынған кірістер кіреді.

Оның ішінде кейбір әлеуметтік төлемдер – төрт және одан да көп баласы бар көп балалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде көрсетілген балаларға арналған алимент түріндегі табыстар; кәсіпкерлік табыс; жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түсетін кірістер; бағалы қағаздардан түскен табыс; сыйға тарту, жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті мұраға алу түрінде алынған кірістер; ақшалай қаражатты өтеусіз алу түріндегі кірістер; қолма-қол салымдар бойынша салымдар түріндегі кірістер және жазбаша өтінішпен расталған басқа да кірістер жатады.


Өз кезегінде  Айгүл Таласова Астана үшін кедейшілік шегі 35 482 теңгені құрайтынын айтты. Егер отбасындағы жан басына шаққандағы орташа табыс осы шектен төмен болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Көмек мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі және отбасының әрбір мүшесіне есептеледі.

Рекомендовать
Последние новости