Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Қалдаяқов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен Арқар көпіріне дейінгі аралығына жөндеу жүргізеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz
"Осыған байланысты, 1-5 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ш.Қалдаяқов/Ж. Нәжімеденов қиылысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.