Ақтөбеде алаяқ "үй жөндеймін" деп жұрттан 100 млн теңге жинап алған

Сағыныш Сардарова 13 нояб. 2025 14:23

Ақтөбеде алаяқ "үй жөндеймін" деп жұрттан 100 млн теңге жинап алған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан аса ақтөбелікті алдап, олардың ақшасын иемденгені анықталған.

Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Рекомендовать
Последние новости