Ақтауда қауіпті дизель отыны сатылған

Қаракөз Амантай 22 дек. 2025 13:49

Ақтауда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін дизель отыны тәркіленді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Инспекторлар бақылау сатып алулар барысында ДТ-Л-К4 маркалы дизель отыныныңсатылып жатқанын анықтаған. Тексеру нәтижесінде өнімнің Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Министрліктің мәліметінше, тексерілген отындағы күкірттің массалық үлесі 115 мг/кг болған. Ал белгіленген норма 50 мг/кг-нан аспауы тиіс.

Анықталған заңбұзушылыққа байланысты уәкілетті орган сотқа талап арыз түсіріп, ол толық көлемде қанағаттандырылды. Нәтижесінде өнім иесі тәркіленген дизель отынына билік ету құқығынан айырылды. Сондай-ақ ол отынды өз қаражаты есебінен жоюға, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге немесе ел аумағынан тысқары жерге шығаруға міндеттелді.


Рекомендовать
Последние новости