Боранда төрт адам үсік шалып қайтыс болды: тергеу басталды

Көркем Алдабергенова 18 дек. 2025 17:49

Батыс Қазақстан облысында дауылды боран кезінде жоғалып, қаза тапқан төрт адамға қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, бұл іске мемлекеттік еңбек инспекциясы да кірісті. Қаза тапқандардың екеуі фермерлік шаруашылықта жалданып жұмыс істеген.

Марқұм қойшылардың туыстары аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлерінің әрекеттері де тексерілуі керек деп санайды. Олар құтқару жұмыстары барысында жауапты органдардың қолынан келгеннің бәрі жасалды ма, заң аясында тиісті шаралар толық орындалды ма – соны анықтауды талап етіп отыр.

Еске салайық, 15 желтоқсанда Батыс Қазақстанда төрт адам үсік шалып қайтыс болды. 

Олар - Жәнібек ауданының 57 жастағы, 59 жастағы екі тұрғыны, Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы және Қазталов ауданының 35 жастағы тұрғыны.


Рекомендовать
Последние новости