Батыс Қазақстанда төрт адам үсік шалып қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Полиция мәліметінше, боранда жоғалып кеткен төрт адамның мәйіті табылған.
Олар - Жәнібек ауданының 57 жастағы, 59 жастағы екі тұрғыны, Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы және Қазталов ауданының 35 жастағы тұрғыны.
Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды, алайда аяғы үсіп қалған. Ол Оралдағы ауруханаға жеткізілді.
