Әли Оқапов түсінде әкесімен жиі әңгімелесетінін айтты

Dalanews 27 авг. 2016 08:04 1688

Әли Оқапов соңғы күндері әкесі, марқұм Тасқын Оқаповты түсінде жиі көретін болыпты.

«Бұл – Тасқын Окапов. Менің әкем. Әкеміздің арамыздан кеткеніне міне, 17 жыл толды. Шынымды айтсам, уақыттың қалай зымырап өте шыққанын байқай да алмаған екенмін. Күні кеше ғана болғандай. 17 жыл өтсе де, әкеміз туралы білетінімнен білмейтінім дүниелерім көп. Әкемнің достарымен әлі күнге дейін араласып тұрамын. Олар маған әкем туралы мен білмейтін көптеген дүниелерді айтып береді, – деп жазыпты Әли өзінің желідегі парақшасында.

Әрі қарай әнші сөзін былай жалғаған екен.

«Қызық, олардың әңгімелерін тыңдағанда дәп бір әкем туралы емес, мен туралы айтып тұрғандай көрінеді. Өйткені мен де дәл әкемнің істегенін істеп, айтқанын айтар едім. Тек бір сауал мазалайды. Ол менің қандай болғанымды қалай еді? Қандай кәсіптің иесі болғанымды көргісі келер еді? Білмеймін…Бастысы адамдық қалпымды сақтау қалу ғой. Мұны әкем де құптайтын шығар».

Соңғы күндері Әлидің түсіне әкесі жиі кіріп екен.

«Иә, жиі көремін. Ылғи да әңгімелесіп отырамыз. Әкемнің көзі тірі кезінде не туралы сөйлескеніміз есімде жоқ. Дегенмен көзі тірі жүргенде әзір де әңгімеміз өте жақсы жарасар ме еді деп ойлаймын», – деп түйіндеген екен Әлие Оқапов.

 

Дереккөзі: kaz.365info.kz

Рекомендовать
Последние новости