Алматылық дәрігер: «Вакцина індеттен қорғанудың жалғыз жолы»

Dalanews 18 авг. 2021 10:44 931

Алматы қаласындағы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген бүкіл әлемді жаулап алған коронавирустық пандемияны жеңу үшін халық вакциналану процесінен өтуі тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Халықтың  басым бөлігі вакциналанбайынша, біз індетті жеңуге көмектесетін ұжымдық иммунитетке қолжеткізе алмаймыз. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина біздің денсаулығымызды, жақындарымыздың денсаулығын сақтау және адамдарды  қалыпты  өмір салтына қайтару үшін жасалған, – деді Гүлжайнат Тілеген.

Дәрігердің айтуынша, вакциналанбаған науқастың жағдайы ауыр болады, кейіннен ағза нашарлайды, инфекция тасымалдаушысына айналуы әрі қайғылы жағдайға душар болуы мүмкін.

– Адамдар КВИ-ге қарсы вакцинациядан кейін ауырып қалған жекелеген жағдайлар бар.  Бірақ егер адам вирусқа қарсы иммунитетке ие болса, иммунитет вирусты өлтіреді. Аурудан 100% қорғай алатын бірде-бір вакцина жоқ. Дегенмен, COVID-19 вакцинасы қорғанудың тиімді әдісі. Өйткені, вакциналанған пациенттердің ауруы жеңіл әрі симптомсыз болады. Дерт асқынбайды, қайғылы жағдай болмайды, – дейді Гүлжайнат Тілеген.


Бас дәрігер вакциналанған адамдардың ауруға шалдығуының себептерінің бірі вакцинациядан кейінгі кезең деп санайды, өйткені екінші компонент енгізілгеннен кейін иммунитетті қалыптастыру үшін орташа есеппен 3 апта үзіліс қажет. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау маңызды рөл атқарады. Бірақ Гүлжайнат Тілегеннің айтуынша, көптеген науқастар вакцинаны алғаннан кейін қорғанысты сезінеді және коронавирустық инфекцияға қарсы барлық қауіпсіздік шараларын толық орындаудан бас тартады.

Дәрігер иммунитетті тек вакцина ғана емес, өмір салты, дұрыс тамақтану, ұйқы қалыптастыратынын айтты.

– Сондықтан біз барлық науқастарды вакцина алуға және медициналық қызметкерлердің барлық ұсыныстарын орындауға шақырамыз – адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болып, бетперде тағу қажет, – деді Гүлжайнат Тілеген.

Рекомендовать
Последние новости