Алматыдағы волонтерлердің жасағы жыл басынан бері 69 адамды тауып, құтқарған

Dalanews 24 апр. 2023 07:21 1007

Бүгінде Алматы қаласында 30 ірі-ірі волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде  алаңында волонтерлік қозғалыстар қандай жобаларды жүзеге асырып жатқанын, жоспарлары мен жастарды қоғамдық белсенділікке тарту туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек пен Алматы қаласы бойынша волонтерлар фронт-офисі «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаевалар баяндап берді.

Бірқатар ірі волонтерлік қозғалыстардың қатарына ОФ “Лига волонтеров Казахстана”, ОФ “QAMQOR CHARITY”, “LIDER.kz”, “Клуб добряков Алматы”, “Команда SOS”, РОО “Медицинская молодежь” («Қазақстан Еріктілер Лигасы» ҚҚ, «QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «LIDER.kz», «Алматы қаласының мейірімділер клубы», «SOS командасы», «Медициналық жастар»)? қоғамдық ұйымы және т.б. Ұйымдардың деректер базасында 50 мыңнан астам волонтері бар.

– Біздің қалада Depo Evolution Park орталығы бар – бұл жастардың жиналатын жері. Біздің волонтерлік кеңсе осы орталықта орналасқан. Волонтерлік фронт-офистің басты мақсаты – түрлі ұйымдарды біріктіріп, жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, – деді А.Қажденбек.

Волонтерлердің фронт-офисі волонтерлар мен волонтерлік ұйымдарға кеңес беру және қолдау көрсету қызметін атқарады, оның жұмысы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылады.

– Фронт-офистің жұмысы жастардың қаланың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, спорттық өміріне белсене қатысуын арттыруға бағытталған. Волонтерлік қызметке тартылған азаматтардың үлесін арттыруға, олардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тетіктерін жетілдіруді көздейміз. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен азаматтарды халықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге қатысуға тарту, – деді Б.Анарбаева.


Сонымен қатар, қалалық еріктілер түрлі жобаларды ұйымдастырып, өткізеді. Мәселен, «Narkostop» жобасы аясында алматылық жастар тыйым салынған заттардың жарнамасын бояу бойынша тұрақты жұмыс жүргізді. Бұл акциялар мегаполистің үлкен аумақтарында жүргізілді.

Еріктілер қарт адамдарға көмектесу үшін күш біріктіреді. Жалғызбасты зейнеткерлердің бос уақытын қызықты өткізуді ұйымдастыру мақсатында апта сайын 50 волонтер тартылған, «Кеңестік кино кеші» өткізіледі. Жыл басынан бері түрлі пансионаттар мен әлеуметтік орталықтарда 30-дан астам кеңестік кино кештері ұйымдастырылып өткізілді.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері еріктілердің назарынан тыс қалмаған.

«Сабақтастық» бағыты аясында 27 іс-шара өткізілді, оның ішінде түрлі шеберлік сыныптары мен кәсіптік бағдар беру, құстарға жем салатын жәшік бұйымдар жасау, қолөнер және оригами, мәнерлеп сырғанау, «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен VR орталығына саяхат, «Балалар ауылы», «SOS», «Жастар үйі» және т.б. Бұл аталған іс-шараларға 80-нен астам еріктілер мен 200 бала қатыстырылды.

Сонымен қатар, еріктілер із-түссіз жоғалғандарды іздеуге белсенді түрде қатысуда. Жыл басынан бері 30 адамнан тұратын ерікті жасақ 69 адамды тауып құтқарды. Барлығы 649 іздеу, сұраулар болды.

Қала еріктілері Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жұмыстарын да белсенді ұйымдастырды. Еріктілер 51,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинап, жөнелтті.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Мен жауапты донормын» атты қан тапсыру науханы ұйымдастырылды. Қан тапсыруды ұйымдастырудағы басты мақсат – зардап шеккендер мен қанға мұқтаж жандарға көмек көрсету болды.

Акцияға Алматы қаласының жастары, сондай-ақ түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдарының өкілдері, журналистер мен белгілі белсенді өкілдер қатысты.

Жастар ресурстық орталығында донорларды «Birgemiz:Saulyq» медициналық еріктілері мен «QAMQOR CHARITY» ҚҚ еріктілері қарсы алып, қолдау көрсетті. Керемет көңіл-күй мен қызықты кездесулерден бөлек, донорлардың тамаша фотосуреттері естелікке қалдырылды.


Сонымен қатар, Жастар саясаты басқармасы еріктілермен бірлесіп, «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыруды жоспарлады. Бұл жоба жастарды жазғы уақытта жұмыспен қамту, бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында жоспарға енгізіліп отыр. Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бекіткен Жастарды қолдаудың жол картасына сәйкес, 10 мың қала жастарын жұмыспен қамту қарастырылуда.

Рекомендовать
Последние новости