Алматыда Сатыбалдыға тиесілі болған базар қайта сатылымға шығарылды

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2026 12:29

Алматыдағы ең ірі базарлардың бірі – «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығының бір бөлігі тағы да аукционға қойылды. Лоттың бастапқы бағасы – 28,63 млрд теңге. Сауда 2026 жылғы 8 сәуірге жоспарланған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Лот туралы қосымша мәліметте аукционға бір ғана қатысушы болса да, сатуға рұқсат етілетіні көрсетілген. Сатып алушы кепілдік ретінде 2,8 млрд теңгеден астам қаражат енгізуі тиіс.

Бұл актив бұған дейін 2025 жылдың қарашасында және 2026 жылдың ақпанында сатылымға шығарылған. Алайда сатып алушы табылмаған. Сол кезде бастапқы баға 24,77 млрд теңгеге дейін төмендетілген еді.

«Байсат» базары – Алматыдағы ең ірі сауда орындарының бірі. Оны «Astana Finansial Group» ЖШС мен «СП КазГерСтрой» ЖШС басқарған. Бұл компаниялар Бауыржан Нурсултан-мен байланысты.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Кайрат Сатыбалды мемлекетке өз үлесін ерікті түрде қайтарған. Ал қалған бөлігі 2024 жылдың қаңтарында сот шешімімен мемлекеттік меншікке өтті.

Сот «Байсаттағы» үлесті иеліктен шығару кезінде бірқатар заңбұзушылық болғанын анықтады. Атап айтқанда, төрт жыл бұрынғы ескірген бағалау қолданылған, қызмет бағытын сақтау талаптары және мүлікті басқаруға қойылған шектеулер сақталмаған.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove