Алматыда Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші ашылды

Dalanews 26 янв. 2024 10:35 1611

Алматы қаласында Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіш орнату туралы тапсырманы Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға сапары кезінде берген болатын. Оны өткен жылы Мұстафа Кемалдың құрметіне ашылған Ататүрік скверінде орнатты.


Ескерткіштің биіктігі - 3 метр. Ататүріктің бейнесі қоладан құйылған. Ал тұғыры граниттен жасалды. Авторлары - қазақстандық мүсіншілер Айдос Бүркітбаев пен Тимур Ермұхаметов.  



Ашылу салтанатына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, түрік диаспорасы мен зиялы қауым


Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости