Алматы облысының әкімі Кореяның Алматыдағы Бас консулымен

Жарбол Кентұлы 09 июл. 2024 10:27 1309

Тараптар Алматы облысының Корея Республикасымен ынтымақтастығын нығайту және одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бизнес-жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру перспективалары қозғалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біздің елдеріміз арасында барлық бағыттар бойынша достық және серіктестік қатынастар қалыптасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде жоғары деңгейде. Корея Республикасы Қазақстан экономикасына жетекші шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады.

Ірі инвестициялық жоба ретінде жалпы инвестиция көлемі 80 млрд.теңгеден асатын және 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, облыс аумағында темекі өнімдерін өндіретін зауыт құрылысын бөлуге болады, – деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Бас консул Пак Нэчхон бизнес-әріптестікті дамытудың табыстылығын атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылдың басқа да мүмкіндіктері туралы айтты.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 6 млрд долларға жеткен. Ал соның ішінде Алматы облысының үлесі 112 млн долларды құраса,70 млн доллары экспорт, импорт – 42 млн доллрады құрайды. Облыста корей капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейді


Рекомендовать
Последние новости