Жетісуда бір мезгілде 3 мың өнерпаз күй тартты

Қаракөз Амантай 07 июл. 2024 13:56 3932

Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған іс-шара “Жастар” саябағында өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оған облыстағы мәдениет мекемелерінің домбырашыларымен бірге бір мезетте аудандық, қалалық мекемелердің өнерпаздары Таңатар Алшабековтың "Жетісу күйін" орындады. 

Мереке аясында М. Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстық көркемөнер галереясы және Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық орталық кітапханалары кітап көрмелері мен қолөнер шеберлерінің көрмелерін ұйымдастырды. 

Сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларының орталық алаңдарында домбыра күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. 


Рекомендовать
Последние новости