Облыстағы жалпы жағдай туралы оған облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов баяндады. Жұмыс сапарымен Қазығұрт ауданында барып, ауданындағы орталық аурухана және емхана ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Мердігер компанияларға құрылыстың сапалы және мерзімінде тапсырылуы керектігін айтты.
Бұдан басқа, Қызылқия ауыл округіне қарасты, Ынталы елді мекеніндегі осыдан 50 жылдан астам уақыт бұрын асарлатып салынған фельдшерлік-акушерлік пунктінің ескірген ғимаратын аралады.
Сапар барысында жаңа типтік үлгіде фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ Қызылқия ауыл окургі, Айнатас-2 елді мекеніндегі 2018 жылы қабылдауға берілген жаңа модульді медициналық тірек пен орталық аурухананың COVID-19 қарсы вакцинациялау барысымен танысты.