Әкім орынбасары тұрғындарды қабылдады

Н. Әубәкір 31 янв. 2024 20:52 3444


Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде жиі жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар өтініші заң аясында шешімін тауып келеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бейсен Тәжібаевпен кездесуге келген азаматтар мәселелерін ортаға салып, өздерін алаңдатқан мәселелерді айтты.


Түркістандық тұрғын мектептерде ыстық тамақ бойынша конкурсқа қатысу жайын сұраса, енді бірі инклюзивті орта қалыптастыру бағытында ұсынысын жеткізді.


Ал жастар өздері қызыға тамашалайтын «Жайдарман» ойындарына қолдау көрсетуді өтінді. Шымкент қаласынан жазылған азамат Түркістан қаласында туризм саласын дамыту бойынша ұсыныстарын айтты.



Тағы бір азамат «Мәдени мұраға» қатысты мәселесін айтып, жер телімін рәсімдеуді сұрады. Сондай-ақ, негізсіз жұмыстан босатылған тұрғын өз наразылығын білдірді.



Жеке қабылдауға тиісті басқарма өкілдері де қатысып, қордаланған мәселелердің жүйелі шешімін табуға атсалысты.


Бейсен Дәулетұлы облыс тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, заңды шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар тиісті сала мамандарына кейбір мәселелердің заңдылығын қарап, оңтайлы шешімін қарастыруды тапсырды.


 



Рекомендовать
Последние новости