Ұлттық қордан балалардың есепшотына алғашқы қаржы түсті

Қаракөз Амантай 31 янв. 2024 20:53 2470

Бүгін "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша әр балаға 45.000 теңге көлемінде қаржы түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы ақпарат kids.enpf.kz сайтында жарияланған. Мұнда ЖСН бойынша баланың бағдарламаға қатысатынын тексеруге болады.

2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстанның барлық баласына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-ы түсіп тұрады.

Табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл ішіндегі орташа сомамен есептеледі. Барлық бала бірдей мөлшерде ақша алады.

Сервис қазіргі таңда жұмыс істеп тұр.

Ақпарат алу үшін баланың ЖСН енгізіп, "тексеру" түймесін басу қажет.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек деп мәлімдеген еді. Соған байланысты “Ұлттық қор - балаларға” жобасы әзірленген болатын. Аталмыш жоба бойынша төлем 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасалатыны айтылған. Осы тұста Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді.


Рекомендовать
Последние новости