"Әкесі жағынан мықты бір рух бар" - Танымал журналист Жәнібек туралы тың деректі бөлісті

Қаракөз Амантай 29 февр. 2024 19:03 18028

Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің оқиғасына қатысты тағы бір дерек жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"1001 түн" бағдарламасында ол Жәнібектің оқиғасы негізінде төрт бірдей бала өз анасымен қауышқанын атап өтті. 

"Жәнібек майкөтен бала болып тұр. Расымен де келгеннен кейін осы баланың арқасында қаншама ана біздің радио бағдарламаға келді. Қаншама ана парақшамызға жазылды. Жүрегінің түкпірінде көміп тастаған, ешкімге айтпаймын деген сырларымен бөлісті. Бұл бала үлкен сеңге қозғау салды. Бұл - рас. Жәнібекті бізге періштелер аспаннан әкеп қондыра салған секілді. Бұл арқылы біз жақсыны да ашамыз. Оған - құдай куә. Сосын ар жағында жаманы да ашылады", - дейді Қымбат Досжан.

Айтуынша, Жәнібектің ата-анасы рухы мықты кісілер болуы мүмкін.

"Меніңше, бұл баланың періштелері сондай мықты. Әкесі де, шешесі де бар дейікші. Әйтеуір ата-анадан жаралған бала ғой. Солардың мықтылығына таңқаламын. Меніңше, бұның әсіресе әке жағынан өте мықты бір рух бар. Сосын оны періштелер қатты қорғайды. Оны өзі де "мен жолым болғыш адаммын" деп жиі айтады", - дейді ол.

Сонымен қатар журналист сұқбат барысында Жәнібек Савельевті сатып жіберген адамдарды білетінін де мәлімдеді.

"Бұл туралы өткен сұхбатымда да айттым. Жәнібекті сатқан келіншек бельгиялық азаматшадан мыңдаған еуро көлемінде қомақты ақша алған. Кәдімгідей қолынан санап тұрып алған. Ол әйел адам екенін, оның сол кезде жас келіншек болғанын, оның отбасы барын, оның қазір жасы нешеде және қай жерде жұмыс істейтінінен де хабардармын", - дейді Қымбат Досжан.

Журналистің айтуынша, қазір ол кісімен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде шетелде тұратын Жәнібек есімді (қазіргі құжатында ЭддЖан) жас жігіттің Қазақстанға келіп, анасын іздеп жатқаны туралы видео кеңінен тараған еді. Белгілі болғандай, Жәнібек 2002 жылы 17 қаңтарда Арқалықта туған. 2004 жылы сол қаладағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғызбасты анасы асырап алуға алып кеткен.


Рекомендовать
Последние новости