Адайлар әйеліне сенбеген бе?

Dalanews 01 мар. 2017 15:13 1840

Редакциядан: Сайтымызға әлеуметтік желі қолданушысы Жәнібек Қожықтың жеке парақшасындағы «Жігіттердің қазан асып, шай қайнатқанын қалай түсінеміз?» деген (тақырыбын редакция қойған) жазбасын жариялап едік, көпшілік қауым бұл мәселені қызу талқылады. Жазбаға пікір қалдырған көпшіліктің арасынан бұл мәселені жіліктеп түсіндірген Carnivore Solitarius есімді жазбагердің ойы біздің назарымызды аударды. Осы бір салмақты ойды оқырмандарымызбен бөлісуді жөн санадық.

 

Маңғыстау өңірі мен Атырау облысының Жылой ауданы аумағында Адай руының мекендейді. Жаугершілік заманда Адайларға ғана тəн бір құбылыс болған. Ол – көпшілік бас қосатын жиын-той мен ас-садақаларда халыққа əзірленетін асты ер адамдар дайындаған.

Мұның өзіндік себебі бар. Ерте замандарда Адайлардың алған əйелдері не қалмақ, не түрікмен қыздары болған. Яғни, Адайлармен жауласқан халықтың қыздары еді. Айталық, қалмаққа жасаған кезекті бір жорықта Адайдың батырлары қалмақтың қыздарын олжалап, әйелдікке алған. Осылайша қалмақ қыздары Адайларға сіңіп, келін болып кеткен.

Бірде Адайларға әбден кектенген бір әйел үлкен жиында жалпы халыққа дайындалған асқа меңдуананың уын салып, бүткіл елді улайды.

Міне, осы жағдайдан кейін, Адайлар «астыңдағы атыңа сенсеңде қойныңдағы қатыныңа сенбе» тәмсіл қалыптастырған.

Осы оқиғадан кейін Адайлар арасындағы той-томалақ, садақа-аста үлкен асты Адайлардың жас жігіттері өздері дайындайтын әдет қалыптасқан. Сондықтан бұл жайтқа түсіністікпен қарау керек.

Carnivore Solitarius

Рекомендовать
Последние новости