Абай облысы Республика күнін қалай атап өтпек?

Dalanews 23 окт. 2023 11:28 1283

Бүгін Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтіп, өңірде мерекені ұйымдастыру және қалай өтетіні жан-жақты айтылды.

- Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша біз Республика күнін еліміздің тарихы мен болашағын бейнелейтін ұлттық мереке ретінде атап өтуді бастадық. Ол еліміздің басты мерекелерінің біріне айналды, - деді Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.

Мемлекеттік мерекеге дайындық жұмыстар тыңғылықты жүріп жүргізілуде.

Облыста 500-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда. Айдар Садырбаевтың айтуынша, іс-шаралардың барлық спектрі өңір тұрғындарының береке-бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етуге бағытталған.

- Мерекелік бағдарлама аясында Абай облысы тұрғындарын 500-ден астам қызықты іс-шара күтіп тұр, - деп атап өтті Қоғамдық даму басқармасының басшысы.

Мереке күндері облыста салтанатты жиындар, концерттер, мәдени-спорттық және бұқаралық іс-шаралар жоспарланған. Орталық алаңдарда, саябақтар мен скверлерде жаппай халықтық мерекелер, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастырылады.

- Біз сондай-ақ жаңа тұрғын үйлер мен пәтерлердің кілттерін табыстау рәсімін, сондай-ақ Аягөз қаласында көптен күткен «Алтын сақа» балабақшасының ашылуы болады. Сонымен қатар, бұл күні семейліктерге жаңа қоғамдық кеңістік ұсынылады, - деп қорытындылады Айдар Садырбаев.

24 қазанда күні Абай театрында Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның, «Тұмар» би ансамблінің, эстрадалық-симфониялық оркестрдің және басқа да ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт және салтанатты жиналыс өтеді.

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ернар Бексұлтанов өңірдегі бірқатар жоспарланған мәдени іс-шараларды атап өтті.



- Республика күніне орай 60-қа жуық тақырыптық көрмелер, әдеби кештер, өңірлік мұражайлардағы Ашық есік күндері, сондай-ақ облыс бойынша клубтар мен мәдениет үйлерінде мерекелік концерттер жоспарланған, - деді Ернар Бексұлтанов.

Рекомендовать
Последние новости