Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Президент Жарлығын Ақорданың баспасөз қызметі бүгін, 2024 жылы 23 қазанда жариялады. Сонымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы биылғы мемлекеттік сыйлық:
- ақын Нұржан Светқалиға – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;
- жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;
- авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;
- суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілді.