500 000 қалтада: төлемдер үшін бонус беретін OGO картаның кезекті абоненті қомақты жүлде алды

Dalanews 22 июл. 2024 16:11 2357

Миллионға ұмтылу немесе «Кселл» мобильді операторының OGO Bonus бағдарламасы Қазақстанға. Жақында ғана OGO бонус иелерінің саны 400 мың қолданушыдан асып жығылса, бүгін компанияның бұл бағдарламасына жарты миллионыншы абонент тіркелді. Мерейтойлық шоттың иесі Астана қаласының тұрғыны Рауан, оны«Кселл» кеңсесінде арнайы құттықтап, 500 000 бонусқа сертификат табыстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz «Кселл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеп.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда «Кселл»компаниясының OGO Bonus адалдық бағдарламасы бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс істейді және абоненттер қоғамдық көлікте тегін жол жүріп қана қоймай, дәмхана, мейрамханаларда супермаркеттерде, таксиде, жанармай құю станцияларында, тіпті коммуналдық қызметтерге ақы төлеу кезінде айтарлықтай кэшбэктер мен бонустарға ие болады. Айта кету керек, OGO карта шетелде қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін бонустар есептелетін Қазақстандағы санаулы карталардың бірі. Ал OGO картамен қоғамдық көлікте төлем жасаған кезде 50-99,9% - ға дейін бонус есептеледі. Бұл Астана мен Алматыны қоса алғанда, еліміздің 28 қаласындағы қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеуге қатысты жеңілдік, әрі бұл 2024 жыл бойы қолжетімді.

«Бүгін біз OGO бағдарламамызға тағы бір қолданушының қосылғанын қуана хабарлаймыз, ол бүгінгі таңда OGO картаны пайдаланатын 500 мыңыншы абонент. Рауан есімді Астана қаласының тұрғынына өз қалауы бойынша жұмсай алатын 500 000 бонусқа сертификат табыс етілді,ол бұл бонусты OGO картасына шығарып, кез келген жерде сауда жасай алады, және осы сауда үшін жоғары бонустарға ие болады. Адалдық бағдарламасына қатысушылардың өсу динамикасына сүйене отырып, айтар болсам,  менің ойымша, біз миллионыншы қолданушыны жариялайтын күн алыс емес және оған сыйлық ретінде бүгінгіден екі есе көп номиналды сертификат беретін боламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, сондай-ақ қазақстандықтарды біздің OGO-бағдарламамызға белсенді қосылуға шақырамын, себебі сіз миллионның иесі бола аласыз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ Цифрлық сервистер басшысы Сергей Коптик.

Айта кету керек, OGO адалдық бағдарламасының қатысушысы ретінде кез келген адам тіркеле алады, және төлемдер үшін бонус ала алады - ол үшін актив/Кселл супер қолданбасын жүктеп алу қажет. «OGO банк» бөлімінде OGO бонустық шотын және OGO-картасын ашу немесе ұялы телефон балансынан, мысалы, Play немесе AppStore-да, сондай-ақ супер қолданбада төлемдерді жүзеге асыру қажет. Картамен әдеттегі сатып алаулар кезінде төлеуге болады, олар: тауарлар, өнімдер, мейрамханалардағы шот, такси қызметтері, жанармай құю станциялары және т.б.

«OGO bonus бағдарламасы бірнеше рет «Казахстан подешевле» қызметінің бағалауы бойынша үздік ұсыныстардың қатарына кірді. Бүгінгі таңда біздің жарты миллионнан астамқолданушымыз ұялы баланстан және OGO картасынан төлем жасай отырып, қомақты бонустарға ие болады, бұл айына жәй ғана бонустар 30 000-ға дейін жинақталуы мүмкін. Оны пайдаланушы коммуналдық қызметтерді, интернетті төлеуге, мобильді балансқа және OGO картасына шығарып пайдалануға немесе досымен туысымен бөлісуге құқылы. Сонымен қатар, ең ыңғайлысы бонустармен төлем жасаған кезде де бонустар беріледі және олар бір жыл бойы сақталады", - дейді Сергей Коптик.

Атап айтар бір мәселе: қоғамдық көлікте (автобус, троллейбус, метро) жол ақысын төлеу үшін бонус бөлу қызметі әлеуметтік маңызы бар бастама. Тек Кселл абоненттері ғана OGO картасымен жол ақысын төлегенде немесе өз қаласының Көлік картасын толтырған кезде жол жүру шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік алды. GooglePay/ApplePay көмегімен контактісіз төлем технологиясы Қазақстанда бірнеше жылдан бері дамып келеді, бірақ Кселлдің бастамасымен мұндай төлемдердің өсуі айтарлықтай өсті. Кселлдіктер жаңа мектеп маусымында оқушылар осы қызметтің негізгі пайдаланушылары болады деп үміттенеді, ал жинақталған кэшбэк, бонустар ИМБА балалар тарифтерінің жаңа желісіндегі сүйікті ойындарын, кітаптарын сатып алу үшін жұмсауға болады.


Рекомендовать
Последние новости