"40 млн теңге пара алған..." Білдей генералдың қолына кісен салынды

Dalanews 24 февр. 2023 05:35 885

Бұрын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған (ҚАЖД) Берік Біләлов ұсталды, деп хабарлады Петропавловск.news.

Ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

Ресми түрде Берік Біләлов Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы болып тағайындалмаған. Ол 2022 жылдың қарашасынан бастап департамент басшысының міндетін атқарған.

Комитеттің баспасөз қызметі СҚО-ға Біләлов екі айға іссапарға жіберілгенін және бір апта бұрын ол жақтан қайтып келгенін мәлімдеді.

Ведомства ұсталған сәтте оның  қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде жұмыс істемегенін атап өтті. 


Әлеуметтік желіде Біләловтың 40 миллион теңгеге жуық пара алу фактісі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат таралып жатыр.

"Параграф" порталындағы мәліметтерге сүйенсек, 60 жастағы Берік Біләловтің полиция генерал-майоры атағы бар. Еңбек жолын ол 1990 жылы учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ІІБ, ІІД-де басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ СҚО, Ақмола облысының полиция департаменттерін, ІІМ Криминалдық полиция комитетін басқарған. ІІМ-нің орталық аппаратында жұмыс істеген. Сонымен қатар Ұйымдасқан қылмыспен және ТМД аумағындағы өзге қылмыстармен күресті үйлестіру бюросында өкілетті өкіл болған.

Дереккөз: nege.kz

Рекомендовать
Последние новости