2024 жылдың басынан бері 19 әлеуметтік маңызды азық-түліктің жетеуі арзандады

Кәмшат Тілеухан 30 дек. 2024 13:29 1520

2024 жылдың басынан бері 19 әлеуметтік маңызды азық-түліктің жетеуі арзандады. Баға индексі, негізінен төрт өңірде төмендеді, деп жазады Dalanews.kz.

Сауда министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының орташа баға индексі 1,3%-ды құрап, соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жетті. 

Орташа баға индексі төмендеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мыналар:

  • қарақұмық жармасы (-35,0%),
  • сәбіз (-9,2%),
  • күріш (-8,2%),
  • ұн (-6,6%),
  • қант (-3,3%),
  • қырыққабат (-0,8%),
  • күнбағыс майы (-0,4%).

Баға индексі төрт өңірде төмендеді:

  • Түркістан облысы (-2,8%),
  • Ұлытау облысы (-2,8%),
  • Астана қаласы (-1,5%),
  • Қызылорда облысы (-0,6%).

Бағаға мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті министрлікке берілгеннен бері әкімшілік шаралардың қолданылуы былтырғы жылмен салыстырғанда бес есеге артқан.  

"Өңірлік комиссиялардың 1,4 мыңнан астам отырысы өтіп, 1 441 заңбұзушылық анықталды. 9,2 мың тауар жеткізу тізбегі талданып, 3,7 мыңнан астам заң бұзу тәуекелі анықталды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жұмыстары жоспарлануда. Бұл қатаңдатуда  ескерту орнына  сауда субъектісінің категориясына байланысты 5-тен 150 АЕК-ке дейін әкімшілік айыппұл салу қарастырылған, ол", делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді сату жалғасып жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, көлемі 159,6 мың тонна көлемде қалыптасқан  тұрақтандыру қорындағы 19,5 мың тонна көкөніс сатылған, қорда 140 мың тоннаны көкөніс бар. Оның ішінде 10,8 мың тонна картоп, 2,9 мың тонна сәбіз, 3,2 мың тонна пияз және 2,5 мың тонна қырыққабат сатылды.

Бұған дейін 2025 жылдан бастап елімізде кедейшілік шегі жаңа тәсілмен есептелетінін жазғанбыз. Оған сәйкес, 100 мың теңгеден кем жалақы алатындар кедейлер санатына жатқызылады.


Рекомендовать
Последние новости