Сот билігі туралы реферат

Dalanews 29 қаң. 2017 15:59 970

         Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:

1) Жоғарғы Сот төрағасының өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың құқықтық мәртебесін көтеру мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар прогресшіл ережелер енгізілген.

2) судьялар әкімшілігі – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы сотының жанындағы қайтадан құрылған Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;

3) облыстық соттардағы және Жоғарғы Соттағы алқалар мен Жоғарғы сот пленумының орнына қадағалау төралқалары мен жалпы отырыстар құру көзделді.

Сот төрелігін тек Конституцияда көзделген сот органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.

4) сот өндірісін бір ізге салу мақсатында республика соттарындағы шаруашылық және азаматтық істер жөніндегі алқалар біріктіріледі;

5) Жоғарғы сот жанындағы әскери алқа таратылады.

6) судьялардың тәуелсіздік кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын сот органдары мен Әділет министрлігі органдарының судьяларға қатысты тәртіптік істерді қозғау құқығы болса, енді бұл құқық тек республика судьяларының күллі ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі

Судьялар лауазымдарына тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы  құдіретіне жатқызылады.

Сот крпусының спалы құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша талаптар – біліктілік емтиханың табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.

7) судьяларға қойылатын талаптар қатайды.Заңда тәртіптік – біліктілік алқаларының өкілдері едәуір кеңейтілді.

 

  1. Сот билігінің функциялары.

  2. Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай- ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.


Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігі функцияларына иеленуге құқығы жоқ.

Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

  1. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддерлерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.


Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе олардың шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс- қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.

Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілік сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алалмайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

  1. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіәретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.


Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп  соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйсі


Республиканың Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңмен белгіленеді.ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конституцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық, Астана қаласының, ҚР әскерлерінің Әскери Соттары) аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады.

Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың лауазымды тұлға немесе басқатұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. Дегенмен ҚР мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік,  т.б.) соттар құрылуы мүмкін.

ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі.

- сот төрелігін конституциялық принциптерге сәйкес жүзеге асыру;

- сот жүйесінің Конституциямен және Конституциялық заңдармен белгіленуі;

- соттарды құру тәртібімен;

- сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру;

- соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;

- заңды күшіне енген сот шешімдерінің Республиканың бүкіл аумағында орындалу жүйесі;

- барлық соттардың ркспубликалық бюджет есебінен қаржыландыру.

ҚР сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебелері.


Қазақстан Республикасының барлық соттары судъяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сульяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, олөз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

Судьялардың құқытық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгіленеді.

Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс  функциялар мен міндеттерді жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқы тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.

Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады.

Заңда қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

2) бір құқы бұзушіліқ үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

Судьяның өкілеттігі тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

Судъялардың тәуелсіздігі. Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәне жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.

Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.

Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.

     Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясы және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек,олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:

- судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сайламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеуімен;

- судьяның ешкімнің тиіспеуімен;

- судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін тоқтату және тқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

- судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қарауында болады, оның тиісті органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағжайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Олардың өздеріне және мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келітілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Сөйтіп, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x