Орыстар «Оскарды» көрмейді

Dalanews 20 ақп. 2015 10:21 183

Ресей халқы соңғы саяси жағдайларға байланысты «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінің тікелей көрсетілімінен құр қалды. Бірақ шараның жазып алған нұсқасын көршіміз ертесінде көре алады.

Әлемдік кино саласындағы маңызды сыйлықты тапсыру рәсімі 22 ақпанда Лос-Анджелесте өтетіні белгілі. Соңғы жылдары алты құрлықтың арғы жағында өтетін айтуылы шараны трансляция жасауға орыстар да құштар танытпай отыр. Өткен жылы Ресейдің «Бірінші каналы» Қырымға қатысты жаңалықтардың көптігін алға тартып, мәдени іс-шараның тікелей көрсетілімін көрсетуден бас тартқаны есімізде.  Ал биыл американдықтар «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімін Ресейді көрсетуге өздері қарсы болып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x