ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – САУАПТЫ ІС

Dalanews 21 желт. 2014 08:46 282

IMG_4380Көкшетау қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Түзету орталығы «Дара» қайырымдылық қоры, Ақмола облысының, Көкшетау қаласының әкімшілігі және білім басқармасынының  қолдауымен ашылды. Ол «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз! Біз инклюзивтікті қоғамды қолдаймыз!»  атты жоба шеңберінде жүзеге асырылады.

Жоба  инклюзивтік қоғамды дамыту мақсатында мүмкіндігі шектеулі   азаматтарды қолдау бағытындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес жүргізіледі. Жобаның бас әріптесі  - «Самұрық- Қазына»  ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Психологиялық-педагогикалық түзету орталығында 0-7 жас аралығында мүмкіндіктері шектеулі балаларға тегін, сапалы, кешенді қызмет көрсетіледі.Түзету кабинетінде түзете-дамыту арқылы қолдау  көрсететін  мамандар  жұмыс істейді: педагог-психолог (эмоциялық және интеллектуалдық дамуындағы кемістіктерді), мұғалім-дефектолог (танымдық ортадағы проблемаларды), мұғалім-логопед (сөйлеу қабiлетi бұзылғандарды), әлеуметтік педагог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған). Даму  мүмкіндігі шектелген балалардың ата-аналарына психологиялық қолдау үшін «Отбасылық сағат»  ұйымдастырылады.

IMG_4362 (1)Түзету  орталығында барлық нормативтер бойынша кедергісіз орта ұйымдастырылған: пандус,  ойылған есіктер,  тұтқалар бар, кедергі келтіретін табалдырық жоқ. Кабинет заманауи оңалту құралдармен, Монтессори материалдарымен жабдықталған. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі С.В.Кулагин, Көкшетау қаласы әкімінің қызметін атқарушы А.Х.Смаилов, Көкшетау қаласының әкімшілігінің өкілдері, «Самұрық- Қазына» ӘАҚ» АҚ, «Дара» қайырымдылық қорының өкілдері, мемлекеттік  органдар, қоғамдық ұйымдар  өкілдері, мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналары,  арнайы түзету мектеп-интернаттарының директорлары, психологиялық-медециналық-педагогикалық кеңесінің меңгерушілері қатысты. «Дара»  қоры жүрiп-түру мүшелерiнiң функциялары бұзылған балаларды тасымалдау  үшін   инватакси   сыйлады. Ал облыс әкімі орталыққа 5 млн теңгеге сертификат тарту етті.

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x