Танымал қайырымдылық қоры қаржы пирамидасы болып шықты

Көркем Алдабергенова 08 шіл. 2025 12:11

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «UILI BOLAYIK» (Үйлі болайық) атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы ретінде бүркемеленген бұл жоба аясында ұйымдастырушылар қатысушыларды мүлікті пайызсыз бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады деп сендірген.

Қатысушыларға салған қаражаты үшін ай сайын 15–30% көлемінде табыс және әр жаңа тартылған адам үшін 10% бонус уәде етілген.

Азаматтардың қаражаты екінші деңгейлі банктердегі ұйымдастырушылардың жеке шоттарына аударылып отырған, ал «UILI BOLAYIK қайырымдылық қорының» есепшоттары іс жүзінде пайдаланылмаған және қозғалыссыз қалған.

Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 515 салымшы тартылып, 50 млн теңгеден астам қаражат жиналған.

Сот санкциясымен күдіктінің банктік шоттарына тыйым салынды.

Оған қатысты елден шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар