Маңғыстаудың экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Сағыныш Сардарова 08 шіл. 2025 11:57

Маңғыстаудың экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алик Айдарбаев "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС бас директоры болып тағайындалды.

Бұл ақпаратты "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ресми түрде растады.

Алик Серікұлы Айдарбаев 1963 жылы 19 мамырда Алматы облысының Александровка ауылында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 1985 жылы "Жетібаймұнай" кәсіпорнында бастаған. Сол жерде оператор, технолог және мұнай-газ өндіру шебері қызметтерін атқарған.

Кейінгі жылдары ол бірқатар ірі мұнай-газ компанияларында жауапты лауазымдарда жұмыс істеді. Атап айтқанда: "Оңтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ", "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ.

2011 жылдың желтоқсанынан 2013 жылға дейін ол "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

2013 жылы Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды. Кейін 2017 жылы — инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министр, ал 2018 жылы — "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар