АҚШ президенті Дональд Трамп 1 тамыздан бастап 14 елге қосымша баж салығы салынатыны туралы хат жіберді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жаңа баж салығы мына елдерге әсер етеді:
- Жапония - 25 пайыз,
- Оңтүстік Корея - 25 пайыз,
- Оңтүстік Африка - 30 пайыз,
- Қазақстан - 25 пайыз,
- Лаос - 40 пайыз,
- Малайзия - 25 пайыз,
- Мьянма - 40 пайыз,
- Тунис - 25 пайыз,
- Босния және Герцеговина - 30 пайыз,
- Индонезия - 32 пайыз,
- Бангладеш - 35 пайыз,
- Сербия - 35 пайыз,
- Камбоджа - 36 пайыз,
- Тайланд - 36 пайыз.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден келетін тауарларға баж салығы енгізілетінін мәлімдеген еді. Еуроодақ елдеріне 20%, Швейцарияға 31%, Ұлыбританияға 10%, Израильға 17%, ал Қазақстан үшін алғашында 27% деп жарияланған болатын.