Батыстағы ауыз су мәселесін ғылымның көмегімен шешуге болады – геолог

Dalanews 23 шіл. 2022 15:02 393

Ауыз су еліміз үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Тәуелсіздік жылдары халықты сапалы ауыз сумен қамту мақсатында қыруар жұмыс атқарылғаны белгілі. Бірақ әлі күнге дейін кейбір өңірлерде ауыл халықы ауыз суға қол жеткізе алмай келеді.

Қазақстанның аумағы шөлейтті және контенитальдің болғандықтан ел аумағында жер асты суларының таралуы әр түрлі. Алматы, Жетісу, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында жер асты суларының мол қоры болса, еліміздің Батыс аймағында жер асты су көздерінің мөлшері аз.

Сондықтан Маңғыстау облысында Каспийдің тұзды суын тұщытса, Атырау облысында ауыз судың біраз бөлігі көршілес Ресейден тасымалдауға мәжбүрміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке алдағы 2026 жылға дейін Қазақстан халқын сапалы ауыз сумен қамту үшін нақты тапсырма бергені белгілі. Егер қолға алынған жұмыстар сәтімен атқарылса алдағы уақытта 1500-ден астам ауыл ауыз суға қол жеткізетін болады.


Осы ретте Су ресурстар комитеті еліміз бойынша 9 топтық су құбырын салуды бастап кетті. Таяу болашақта СҚО, Қызылорда және еліміздің Батыс өңірінде бұл мәселе толықтай өз шешімін табатын болады.

Су тапшы Маңғыстау облысында жер асты су көздері бар аймақтар бар. Солардың бірі Бейнеу ауданы. Жақында аталған ауданға қарасты Боранқұл ауылынан 60 шақырым жерде орналасқан «Төңірекшың» жер асты суларын пайдалаунға қатысты жұмыстар қолға алынды. Мамандардың айтуынша, бір ғана Боранқұл ауылындағы жер асты су көздерінен тәулігіне 104 мың текше метр су алуға болады екен. Судың тұздылығы 1 литрге 3-4 граммнан келеді екен. Алдағы уақытта бұл мәселені жаңа технологиялардың көмегімен оң бағытта шешуге болады.

– Маңғыстау облысында табиғи су қоры жоқ деп айтуға болмайды. Бейнеу ауданының аумағында 11 ұңғымадан су шығып тұр. Оны жергілікті тұрғындар мал шаруашылығына пайдаланады. Енді сол су көздерін тиімді пайдалану технологиясын енгізу қажет. Ол үшін алдымен алдағы 27 жылға су қорын қайта есептеп, жақын маңдағы елді мекенде су сорғы бекетін орнатып, су тұшыту қондырғысын салу қажет, – дейді «Маңғыстау-Геология» мекемесінің директоры Автандил Гавашелишвили.


Айталық, өткен жылы Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен «Маңғыстау-Геология» ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен қосымша барлау және жер асты су қорын бағалау бойынша жобалық сметалық құжат дайындаған. Жобаға сәйкес осы аумақта қосымша 11 жаңа  ұңғыма қазу жоспарлануда. Осылайша әр өңір жер асты су көздерін анықтап, халықтың ауыз суға қол жетімділігін арттыруға күш салып жатыр.

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҒЗУ-дің білікті геологы Ерғали Әуелхан мырза Ақтөбе облысындағы «Көкжейде» кен орыны аумағында ауыз судың орасан зор қоры бар екенін айтты. Алдағы уақытта Үкімет осы жер асты су қорын игеріп, Маңғыстау мен Атырау облысына қарай су құбырын тартып, Батыс өңіріндегі ауыз су мәселесін түбегейлі шешуге болады екен.


Мұндай жағдайда тұзды суларды тұщытып, Ресейден ауыз су тасымалдап әуреге түспейтін боламыз.

Соныман қатар білікті ғалым жер асты су көздері әлдекімдер айтқандай сарқылмайтынын да айты. Оның пайымдануша, жер асты сулары жауын-шашынмен ұдайы толығып отырады екен. Жауын-шашын аз түскен жылдар жер асты суларының мөлшері біршама азаятын болса керек. Осы жайтты ескерген ғалымдар жер асты суларын игергенде оның 25 жылға дейін жетуін басшылыққа алуы тиіс. Геолог ғалым Батыс Қазақстан облысындағы жер асты суларын анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өзекті мәселені шешуге болатынын ескертті.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x