Орыс олигархы Путиннің денсаулығына қатысты ақпаратпен бөлісті

Dalanews 29 сәу. 2022 12:34 220

Ресей президенті Владимир Путиннің бұрынғы досы, олигарх Сергей Пугачев «ГОРДОН» интерент-басылымының бас редакторы Алеса Бацманға сұхбат беріп, Путиннің денсаулығына қатысты көпшілік біле бермейтін ақпаратпен бөлісті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Олигарх Сергей Пугачевтың айтуынша Путин аттан құлағаннан кейін бел омыртқасын қатты зақымдап алғанын айтты.

– Путиннің денсаулығы жайында айтсам... Әлі есімде осыдан біраз жыл бұрын ол аттан құлап бел омыртқасын қатты зақымдап алған еді. Содан кейін ол екі айға дейін төсек тартып жатып қалды. Артында біраз уақыт корсет киіп жүргенін білемін. Бұдан басқа Путиннің денсаулығына қатысты ақпараттан хабарсызбын, – депті Пугачев.

Пугачев пен Путин 1990 жылдары танысып, ұзақ уақыт достық қатынаста болғаны көпшілікке мәлім. Олар тіпті бір-бірінің туған күндерін бірге тойлап, отбасы болып араласқан. Ресейдің ақпарат құралдары Пугачевті сыртынан  «Кремльдің банкирі» кейде «Путиннің банкирі» деп те атайды.

Сондықтан Пугачев Путинді бел омыртқасы ұзақ уақыт мазалағанын жақсы біледі. Сонымен қатар олиргарх Путиннің қандай да бір онкологиялық ауруға шалдыққанынан хабарсыз екенін де айтыпты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x