Лукашенко қираған дүниелерді шеруге шыққандардан өндірілетінін айтты

Dalanews 12 қыр. 2020 11:27 251

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск көшелеріндегі қиранды шығынын наразылыққа шыққандардан өндіруді талап етті. Бұл туралы мемлекеттік «БелТА» агенттігі хабарлады.

– Минск көшелеріндегі қирандыны қалпына келтіруге ауқымды қаражат кетеді. Ол туралы ешкім ойламайды, ешкім шығынды төлегісі келмейді, – деді Александр Лукашенко.

«Төлеу керек. Адамдар түсінсін: бұзған екенсің, шығынын өз қалтаңнан төле» деді ол.

Бұған қоса, Лукашенко наразылық акцияларына балаларды алып шығуға болмайтынын айтты. «Бәріміздің баламыз бар. Кішкентай балаларды ертіп, көшеге шығу – бассыздық. Арандатушылық болса ше?» дейді Лукашенко.


Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары митингке шыққан тұрғындар қоқысты жинап кетіп жүргенін жазған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x