Семейде сыныққа сылтау іздеген бас дәрігер ақыры хирургия бөлімінің жұмысын бастады

Dalanews 14 мау. 2017 15:45 266

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Жедел медициналық жәрдем ауруханасын аралап, бас дәрігердің салғырттығынан жұмыс істемей тұрған бөлімді тексерді.

Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургия бөлімі үш жыл бойы науқастарды қабылдамай, бос тұрған болатын. Мекеме басшылығы электр қуатының тұрақсыздығын сылтауратып бөлімнің жұмысын бастауын кейінге шегеріп отыратын. Бірақ қызмет көрсететін мекеме аталған бөлімді электр қуатымен қамтамасыз етуге толық кепілдік берген болатын.

– Аурухананың осыған дейінгі басшылығы сылтау іздеумен айналысып,  хирургия бөлімін жұмысын бастамаған болатын, – деп Даниал Ахметов өз бағасын берді.

Бүгінгі күні бөлім науқастарды қабылдап, толыққанды жұмыс істеуде.

Аурухана қызметкерлері ангиография қондырғысын алып беруге және қоғамдық көлік санын көбейту мүмкіншілігін қарастыруын сұрады. Бұл бағытта қазірде екі автобус маршруты ғана қызмет көрсетеді.

Аймақ басшысы техникалық камтамасыз ету үшін тиісті қондырғының қажеттігін көрсететін нақты негіздеме ұсынылу керектігін атап өтті. Сонымен қатар сапалы кадр дайындау қажет.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x