ШҚО әкімдігі цемент бағасын бақылауға алады

Dalanews 14 мау. 2017 15:52 848

Семей қаласының ірі құрылыс компанияларының құрылысшылары ШҚО әкіміне бағалардың үнемі өсуіне байланысты шағымдарын айтты.

Аймақ басшысы тиісті басқармаларға құрылыс материалдары бағасының өсу себебін анықтауды тапсырды.

– Соңғы уақытта келесідей жағдайға куә болудамыз – шикізатқа және қызмет көрсетуге баға бір қалыпты болғанымен, жергілікті өндірушілер цемент пен кірпіш бағаларын өсіру трендін байқаудамыз. Менің ойымша бұл дұрыс емес. Біз бәсекелестік секторын қолдаймыз, бірақ бұл жерде белгілі бір түсініспеушілік бар секілді. Цемент, кірпіш және инертті материалдарға үнемі көтеріліп келе жатқан бағалар нарықтағы қозғалыстармен дәлелденбей отыр, – деді Даниал Ахметов.

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына осы бағаларды сараптау жұмыстары күтуде. Егер негізгі құрылыс материалдардың қымбаттауы жалғасатын болса, облыс басшылығы мердігерлерге қолдау көрсету үшін шара қабылдайтын болады.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар