Депутат Смирнова: "Қатты өкінемін!"

Dalanews 13 сәу. 2017 13:11 255

Депутат Смирнова: “Қатты өкінемін!”

Кеше “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланған мақаласында Назарбаев Үкіметке қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ғалымдар мен қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып жасауды тапсырған-тұғын. Осыған байланысты депутат, коммунист Ирина Смирнова “бұлай істесек, “орыс әлемінен” алыстап кетеміз” деп пұшәйман болған еді. Оның бұл ойды қайдан алғаны белгілі-тұғын. Путиншыл Ресей күн-түн демей, “орыс әлемі” туралы қақсап келеді. Бұл әлемнен, әсіресе, кезіндегі КСРО құрамында болған елдерді  алыстатқысы жоқ.

Иринаға не жорық? Осылай деген қазақ баспасөзі күні бойы депутаттың не айтпақ болғанын сан-саққа жүгіртті.

Енді сол депутатымыз ойын дұрыс түсіндіре алмадым деп отыр. Ол коммунистік партияның ресми сайтына өзінің өкінетіндігін жеткізіпті. Өкінбей қайтсін, басқа емес, бұл идеяны көтерген президент қой. Назарбаевқа қарсы шығу депутат үшін… Оның өз сөзінше, жеткізбекшісі “орыстың классикалық әдебиетін жастар оқымай, көп дүниеден құралақан қалады” болғанға ұқсайды… Кім сенеді? Президенттің тапсырмасына қарсы шыққан депутат орнында отыра ма, әлде мандатын тапсырып, «өз еркімен» кете ме? Оны алдағы уақытта білетін боламыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x