Әрине, оның жазушылығы еш күмән келтірмейді, оның орны Шекспирдің жанында. «Ағайынды Карамазовтар» осыған дейінгі жазылған романдардың ішіндегі ең ұлысы. Ал, «Ұлы Инквизитор туралы аңыз» әлемдік әдебиеттің ең үлкен жетстігі десек болар және ол туралы асыра сілтеу мүмкін де емес. Себебі, лайықтысы осы. Бірақ, жазушы шығармашылығының алдында писхоанализ дәрменсіздігін мойындайды.
[caption id="attachment_13381" align="alignright" width="800"] Федор Достоевский[/caption]
Достоевский моролист ретінде дәрменсіздеу. Оны жоғары моральды адам ретінде елестеткенде, өмірінде күнәһарлықтың түбін көріп, ол енді жоғары моральдік деңгейге жеткенінде, біз бір жағдайды ескерусіз қалдырамыз. Себебі жоғары моральды адам ішкі қайшылығына қарайлап және оған сол мезетте берілмейтін адам емес пе? Бірде күнә жасап, бірде оған өкініп жоғарғы моральды мақсат қоятындарды – өмірді өзіне тым ыңғайлы етіп жасап алды деп сөгуге болады. Ол – моральдылық принциптерінің қызметін атқармайды, сол уақытта моральдық құндылықтар бүкіл адамзаттың негізгі мақсатын айқындайды. Онысымен де ол варварларға ұқсайды. Көш дәуіріндегі варварлар, адамдарды өлтіріп, кейін сонысына өкінентін болған. Ал сол өкініш, жаңа өлтірулердің алдындағы тазалықты сипаттайтын еді. Дәл солай Иван Грозный да; өз арыңмен келісімге келу – орыс еліне сай ұғым. Достоевскийдің ішіндегі осы таластың соңы да әлі ешкімге белгісіз. Оның осы арымен келісімінің арқасында, ол тайынуға келісті, патшаға және христиан Құдайына бағынды және дәл осыған, одан сәл төмендеу ақылдар Достоевскийге қарағанда еш қиындықсыз келді. Үлкен тұлғаның ең әлсіз жері, міне, осында. Достоевский ұлы ұстаз бен бостандыққа шығарушы мүмкіндігін қолынан шығарып алды. Оның орнына ол қапастағыларға қосылды, болашақ өнер оған көп нәрсемен тәуелді болмайды да. Бәлкім осының арқасында ол неврозға ұшырады, соның кесірінен осындай сәтсіздікке ұрынды. Бірақ адамзатқа деген маххаббатының арқасында оған басқа – апостолдық – құлшылық ету жолы ашылды.
Осы жерде, осыған қарама қайшы Достоевскийдің мінезін ажыратып алуға болады; оның сүйіспеншілікке деген ерекше ұмтылысы, оның сәруар махаббаты мен кешірімшілдігі, ол жек көре алатын жерінде де көмекке баруы мен сүйе алуы, еске түсіретін болсақ, оның бірінші әйелі мен оның көңілдесін алайық.
Бізге көбі қабылдай бермейтін Достоевскийді күнаһар және қылмыскер ретіндегі талқылау күтіп тұр. Және бұл талқылау қарапайым қылмыстық факторлармен қаралуы тиіс емес. Қылмыстың мотивін қарастыру өте ұзаққа созылмайды, себебі қылмыскерлерде екі түрлі сипат бар. Бірі өзін тым жақсы көрсе, екіншісінде қылмысқа деген бейімділік ия ауытқушылық болады. Махаббатың жоқтығы мен адамдармен эмоцианалдық және қатынасқа керекті баға бере алмау екі типке де ортақ сипат. Осы жерде, осыған қарама қайшы Достаевскийдің мінезін ажыратып алуға болады; оның сүйіспеншілікке деген ерекше ұмтылысы, оның сәруар махаббаты мен кешірімшілдігі, ол жек көре алатын жерінде де көмекке баруы мен сүйе алуы, еске түсіретін болсақ, оның бірінші әйелі мен оның көңілдесін алайық. Бірақ осы орайда сұрақ туады – осы тізілген сипаттардың қылмысқа қандай қатысы болмақ? Жауап біреу-ақ – ол таңдаған сюжеттер, оның кейіпкерлері, қылмыскер,зорлықшылар, адам өлтірушілер, эгоцентрлік мінездер оның қылмыстық сипатының өз ішінде жатқанын көрсетеді-мыс; сол секілді оның жеке өміріндегі бірнеше факторлар, оның құмар ойындарына бейімділігі, мүмкін әлі бой жетіп үлгермеген қызға сексуалды құмарлығы ( Исповедь). Бұл қарама қайшылық келесі жолмен шешілуі мүмкін. Оның қылмысқа құмарлығы оны қылмыскер жасауы мүмкін еді, бастысы оның өзіне қарсы қылмыс (сырттық емес, ішкі факторға ие болды) және ол кейін келе мазохизмге және өкініш сезіміне алып барды. Не дегенмен оның садисттік сипаты да бар, оның шыдамсыздығы, невроздылығы, ашуланшақтығы – тіпті өзі жақсы көретін адамдарына да – тіпті оның оқырмандарға тіл қатуы да; ол ұсақ-түйек мәселелерде – жалпы мағынадағы садист, ал үлкен дүниелерге келгенде өзіне қарсы садист, яғни ол мазохизм және ол ең жұмсақ, қол ұшын беруге әсте әзір тұратын, жүрегі елжіреп тұратын адам.
Достаевскийдің тұлғалық қиындығына үш фактор келтірдік – бірі жалпы, екеуі жалқы факторлар. Оның аффективтілігі, оның садо-мазохизмге немесе қылмыскерлікке апаратын ішкі сипаты және ешқандай анализге келмейтін оның шығармашылық дарыны. Осындай тандем оны неврозсыз-ақ өз дегенін істеуіне болатын еді, себебі еш неврозсыз жүз пайыздық мазохисттер бар емес пе? Бірақ осы кезектегі дүниелер невроздың Достоевскийдің бойында бар екендігімен шиеленіседі, тығырыққа тірейді. Невроз – ол өзіндік «Мен»-нің бар екендігінің белгісі. Және ол, сол «Мен»-ді ішкі күресінде жеңуді қалады.
Невроз, дөрекі айтқанда, қандай жағдайда белең алады? Достоевский өзін – кейін барлығы да солай ойлады – эпилептик деп жариялады. Ол өзінің ауыр ұстамаларының, есінен танып қалуымен осы тұжырымға келді.
Достаевскийдің эпилептикамен ауырғанын нақты айтуға келмейді. Тіпті ол айтып тұрған эпилептика невроздың алғашқы белгілері ғана болуы мүмкін. Және оның эпилептик болмағанын тағы екі тұжырым бойынша анықтауымызға болады: біріншісі ол – Достоевскийдің амнезиялық ұстамалары жеткіліксіз мөлшерде немесе сенімсіз, ал екінші тұжырым – эпилоидтық ұстамаларының болып-болмағанының белгісіз екені.
Екіншісінен бастасақ, эпилепсияның барлық дерлік потологиясын бастан-аяқ қарап шығудан ештеңе шықпас еді. Бірақ бір нәрсенің анықтай аламыз: қайта-қайта табыла беретін бір сипат бар; толық клиникалық ұғымға сиып-сыймауы да белгісіз, «қасиетті ауру»( morbus sacer). Бұл өте қорқынышты аурудың ешқандай сипатсыз талмаға ұшырау, ұстамалардың үстемеленуі, мінездің ашуланшақ және адамның қатігездікке бейім болуы, соңында барлық рухани деңгейдің төмендеуіне апарып соғады. Бірақ біз осы картинаның қай жағынан қарасақ та, бір белгісіздікке, тығырыққа апарып тығады. Бірден ұстайтын талмалар өмірге қауіп төндіретіндей деңгейге жете алатын status epilepticus, кей жағдайда осыншама күш алмай қалуы да мүмкін. Қысқа абсанстық күй, тез қойып кететін бас айналулар және ол аурудың бейсаналық деңгейде бір түрлі іс-қимылдарды істеуіне себеп болады, кей жағдайларда. Бірақ қалай десек те, кейде ол тек тәндік деңгейде емес саналық, рухани деңгейде де белең алуы да ғажап емес (қорқыныш); немесе сол рухани деңгейге тәуелді болады. Көп жағдайларда интеллектуалды деңгейдің төмендеуі бар, бірақ кемінде бір жағдайда – бізге белгілісі – осы сипаттың белең алмағанын білеміз (Гельмгольц). Эпилепсиямен ауыратын адамдардың жүзінен топастықтың, жетілмей қалған адамдардың сипатын, ашық көрініс беретін ақымақтық пен ми жүйесіндегі ақауларды байқауға болады; бірақ ол, әрине, эпилепсияның жалпы сипатын көрсете алмайды; дәл осындай эпилепсия рухани деңгейі жоғары адамдардан – кей жағдайларда тіпті нормалық деңгейден де жоғары – көп жағдайларда өздері толық қанды басқара алмайтын аффектілікті байқауға болады.
«Эпилепсиялық реакция» - егер осының бәрін солай айтатын болсақ – невроздың қол астына өтеді, түсінікті тілде айтқанда. Осылай алғанда біз органикалық және аффектілі эпилепсияны бөліп аламыз. Қарапайым тілмен айтсақ, біріншісімен ауыратын адам – ми ақауына ұшыраған, ал екіншісімен ауыратын адам – невротик. Біріншісінде ішкі жан дүние сыртқы әсерлердің кесірінен бұзылған, ал екіншісінде ішкі рухани әлемнің өзінің бұзылған бейнесі.
Достаевский осының екіншісіне душар болуы әбден мүмкін. Бірақ мұны дәлелдеу қолдан келмейді. Ол үшін оның өмірінен толық мағұлмат, талмалардың қай уақытта, қай уақыт аралығында болғаны, қандай әсердің кесірінен болғанын анықтау қажет. Бізде ондай дерек жоқ, болса да бір-біріне қарама қайшы тұстары көп кездеседі. Дегенмен, Достаевскийдің эпилепсиясы бала кезінен басталуы мүмкін. Ол уақытта өте қатты әсер бермеген, уақыт өте бас айналулар мен талмалардың әлсіз ұстамалары болып тұрған. Тек он сегіз жасында алған қатты психикалық әсер – әке өлімі – эпилепсияға айналған. Оның эпилепсиясы Сібірге, қылмысын өтеуге кеткен уақытта жойылып кетті деуге де болар еді, бірақ бұған бір дерек тағы қарсы келіп тұр. «Ағайынды Карамазовтардағы» әке өлтіру мен Достаевскийдің әкесінің тағдырының ұқсастығы оның биографтарының талай көзіне түссе керек. Қалай дегенмен бұл олар үшін кілт – танымал заманауи психологиялық ағымның жол көрсетуі. Ол, әрине – психоанализ, психонализ бұл деректен Достаевскийдің өте қатты психикалық зақым алғанын көруге бейім, және бұл оның неврозындағы басты нысан не болмаса неврозындағы кілттің өзі. Егер мен психоанализдік бұл тұжырымды писхология жөнінен түсіндіре бастасам, мен ғылым мен психоанализ сөзінен алшақ жандарға мүлде түсініксіз болып қалудан қорқамын.
Сонымен бізде бір ғана анық дерек бар. Ол - Достоевскийдің бала күні мен «эпилепсияға» ұшырағанға дейінгі күйі. Бұл талмаларда өлімнің кейіпі бар – өлімнен қорқу – және ол летаргиялық ұйқымен сипат алған. Бұл ауыру оның бала күнінен белең алған, ол досы Соловьевке айтқанындай дәл қазір өліп кететіндей сезім, расында кейіннен дәл өлім кешкендей сезім кешкен... Оның ағасы Андрей, Федордың шын мәнінде де өлім текті ұйқыдан қорқып, ұйқы алдында оны тек бес күннен кейін жерлеуін сұрап жазған хат қалдырып отырған (Рулетка басындағы Достоевский, кіріспе. XL б).
Бізге осы ұстамалардың мағынасы мен себебі белгілі. Ол біреудің өлімі немесе тірі адамға өлім тілеу, соңында сонысы үшін жаза тарту. Екіншісі көбірек келетін секілді. Талма ұстап қалуы ол өзінше бір жаза секілді. Біз біреуге өлім тіледік, кейін сол өліммен өзіміз өлдік. Психоаналитикалық ғылым баланың осы өзге адамы әкесі екенін анықтайды. Және ұстамасы ұстап, талмаға шалдыққанда ол әкесіне өлім тілегені үшін өзін жазалайды-мыс.
Әке өлтіру жеке адамның һәм бар адамзаттың басты қылмысының бірі болып саналады. Және ол өзін жазалаудың басты нысаны екені анық; әлбетте оның осы ауыруындағы жалғыз нысан екені белгісіз, психонализ кешірім іздеу мен өзін жазалаудағы мағынасын толықтай зерттеп бере алмайды. Бірақ әкесіне деген қатігездіктен бөлек, азғантай сүйіспеншілік те баланың бойынан өң алады. Екі ұдайлы сезім; ол әкесі секілді болғысы келді – себебі әкесі оның мақтан тұтарлық адамы еді, ол әкесінің орнын басқысы келді – сонықтан да оны жолынан алып тастауға бекінді. Бірақ бұның бәрі бізді тығырыққа апарып тіреді. Ол егер өз әкесін жолынан алып тастауға бекінсе, әкесі тарапынан жазаның болатынын да білген, ол әкесінің өзін піштіріп тастауынан қатты қорыққан. Ол өзінің еркектігін сақтап қалуы үшін де, қорыққанынан да ол ойынан бас тартады. Және ол ойы оның бейсаналық деңгейінде қалып қойғандығынан да, ол өз-өзін кінәлаудың басты нысаны болып есінен кетпейді. Біз қарапайым нормаларды, айталық, Эдиптік комплекстерді түсіндіріп бердік. Бірақ тағы бір маңызды толықтыруды енгізуіміз керек-ақ.
Ол піштіруден қатты қорыққаны соншалық, өзінің екінші жақты, яғни бисексуалды сезімдеріне бой алдыртып алудан шошынды. Ондай жағдай болғанда адам әйел жандүниесіне бейім бола салуы да ғажап емес. Айталық, бисексуалдықты Достоевскийдің бойынан көруге болады, бірақ ол қалыпты мөлшерде ғана. Оның ер адамдармен достығы немесе махаббатындағы қарсыласқа деген бір түрлі қарым-қатынасы. Осының бәрі оның шығармаларында бой алады.
«Жоғарғы Мен» садистік, ал өзіндік «Меніміз» мазохисттік рөлді алады. Яғни бейсаналы түрде қылмыскерлік пен сол қылмысымыз үшін өзімізді жегідей жейміз деген сөз. Сен әкеңді әке болу үшін де өлтіресің, ал қазір сенің өзің әкесін, ал әкең өлгең. Бірақ ол қазір сені өлтіріп жатыр. Уақыт өте әке мен тұлға арасындағы қайшылық сол жаңағы бейсаналық деңгейдегі өзіндік «Мен» мен «Жоғарғы Мен» арасындағы қайшылыққа апарып соқты.
Әкесі екеуінің арасындағы қатігездік қарым-қатынас оның санасындағы, ішіндегі өзіндік «Мен», бара-бара осы қорқынышты өзіне қабылдайды. Және ол уақыт өте бейсаналық деңгейде орнықты орынын алады. Біз оны «Жоғарғы Мен» деп атаймыз, кезегінше ол отбасылық тәрбиенің әсерінен пайда болатын, психикадағы маңызды тетік. Әкесі егер зорлықшы, қатігез адам болса, онда осы қатынасты біздің «Жоғарғы Меніміз» өзіне қабылдап алады. Ал өзіндік «Мен» пассивті түрде қала бермек, бірақ негізінде ол «Жоғарғы Менді» орнынан тайдыру үшін қолданылатын болса да көлеңкеде қалып кетеді. Ал кейінгі тағдыр – ол сол әкесінің өмірінің жалғасы ретінде болып қала бермек. Адамның санасы, оның бейсаналық деңгейіндегі процесстерге мүлдем араласа алмайды және оның жанында ол тек қиылыспайтын параллель секілді. «Жоғарғы Мен» садистік, ал өзіндік «Меніміз» мазохисттік рөлді алады. Яғни бейсаналы түрде қылмыскерлік пен сол қылмысымыз үшін өзімізді жегідей жейміз деген сөз. Сен әкеңді әке болу үшін де өлтіресің, ал қазір сенің өзің әкесін, ал әкең өлгең. Бірақ ол қазір сені өлтіріп жатыр. Уақыт өте әке мен тұлға арасындағы қайшылық сол жаңағы бейсаналық деңгейдегі өзіндік «Мен» мен «Жоғарғы Мен» арасындағы қайшылыққа апарып соқты.
[caption id="attachment_13382" align="alignright" width="187"] Әйгілі филоосф, психолог З. Фрейд[/caption]
Достоевскийдің әкесіне деген жек көрінштілік уақыт өте келе ауыр деңгейге жетті. Әкесі оған қатал болды, бірақ өлгеннен кейін де оның зұлымдығы Достоевскийді ішінен жей бастады. Бейсаналық деңгейдегі осындай ақау өте қауіпті. Әрине, егер ол сыртқы көрініс тапса. Оның өз әкесінің өліміне кінәлі сезінгендіктен де өзінің ойында ол аза тұтты, өзін жазалады. Ал оның фантазиясы өңге айналды. Ол осылай өлімді ұйқыда, талма ұстаған кезінде құшты (уақытша). Достоевскийдің осындай талма ұстамалары кейіннен эпилепсияға апарып соқты. Оның талмасы әкесінің өлім кейіпіндей қорқынышты образда болды және оған қоса сексуалды бейімділігінің сипаты қосымша зақымдылыққа апарды, бірақ оны дәл айту мүмкін емес.
Ол талма кезінде Ұлы рақатқа бөленді. Және бұны әкесінің өлімі үшін алған жаза ретінде қарауымызға болады. Осындай ләззәт пен өзіне қарсы қылмыстың арасында орасан зор алмасулар оның невротик екендігінің бір дәлелі десек болар. Ол Сібірге айдалған уақытында ешқандай да талмаға ұшырамауы рас болса, ол сол жазаны өзіне қабылдағанының нышаны іспетті. Оны саяси қылмыскер ретінде Сібірге айдатады, оны Достоевксийдің өзі білуге тиіс болатын. Бірақ ол осы жазаны әкесінің өлімі үшін алдым деп қабылдап алды. Ол жерде ол қанша қиындық пен қасіретті көрді. Өзінің бейсаналық деңгейіндегі алуға тиістімін деген жазаны ол өңінде Сібірде алды. Осылай оның «Жоғарғы Мені» өзін іштей жазалаудан құтқара алды.
Истериялық эпилепсия жайлы білетіндер біздің Достоевскийдің талмалары жайлы толық анықтама жасауға ұмтылмайтынымызды түсінеді. Бізге оның бастапқы кейпі кейінгі қатпарларына дейін өзгеріссіз қалғанын білу жеткілікті. Былай айтқанда, Достоевский өзінің әкесін өлтірмек болғаны үшін жазаланудан ешқашан арылмаған. Оның осы өкініші тағы екі жағдайға себеп болды. Біріншісі, ол мемлекеттік абыройлы азамтқа бағыну, екіншісі, христиан Құдайына. Біріншісінде, патшаға ол еріксіз бағынышты болды, ал діндік мәселеге келгенде оның кішкене де болса таңдау бостандығы сақталды. Ол өмірінің соңына дейін дінсіздік пен діндарлықтың арасында жүрді. Оның жоғарғы деңгейлі ойы дін ұсынған кейбір ұстанымдарды сараптаудан күмән туғызғаны анық. Ол Христостың идеалдылығына сенім артып, күнәсінан айырылғысы келді. Ал оның соңында дін мен жалпы адамзаттық нормаларға бағынуына тек әке алдындағы күнәсі ғана себеп болды, оның жоғарғы деңгейлі интелекті де бұл жерде дәрменсіз еді. Бізді бұл жерде Достоевскийге тек психонализдік баға беріп, жалпыға ортақ көзқарасты елеусіз қалдырдық деп сөгуге болады. Бірақ әдебиетші оны тек «Ұлы Инквизитор туралы аңыз» тұрғысынан қарар еді ғой. Яғни, сөгулеріңіз заңды, Достоевскийдің басқаша ойлай алуы ол невроздың ауыр әсерінен туған.
Ол талма кезінде Ұлы рақатқа бөленді. Және бұны әкесінің өлімі үшін алған жаза ретінде қарауымызға болады. Осындай ләззәт пен өзіне қарсы қылмыстың арасында орасан зор алмасулар оның невротик екендігінің бір дәлелі десек болар.
Софоклдың «Эдип патшасы», Шекспирдің «Гамлеті» және Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтары» секілді әлемдік әдебиеттің шедеврлік туындыларының барлығы дерлік әке өлтіруді сипаттауын жай ғана сәйкестік деп айта аламыз ба? Үшеуінде де қылмыскер әйел үшін болған сексуалды таласты айтады. Бұл жерде іс-қимыл бас кейіпкердің өз қолымен жасалады. Грек драматургиясында міндетті түрде жұмсақтау жеткізеді. Себебі онсыз поэтикалық ұғымға сыйдыру мүмкін емес. Онда бас кейіпкердің іс-әрекеті мотивсіз, яғни әдейі емес, абайсыз жасалады. Онда әке рөлінің символы жағымсыз кейіпкерге қарсы жасалған қылмыстан кейін, оның кінәсі ашылады, және ол кінәсінан айырылуға еш амал істемейді; керісінше оның кінәсі мойындалады және жалпы адамдық күнә ретінде жазасыз қалмайды; сана ұғымында ол әділдікке жатпауы мүмкін, бірақ психологиялқ тұрғыдан бәрі дұрыс. Ал ағылшын драмасында ол жанама түрде бейнеленген. Ол жерде бас кейіпкер емес, әке өлтіруді қылмыс деп санамайтын басқа кейіпкер арқылы жүзеге асады. Ол осы қылмыс үшін кек алуы керек еді, бірақ түсініксіз себептермен ол мұны істей алмайды. Оны мұндай әлсіздікке өзін кінәлі сезінетіндіктен ұшырағаны белгілі. Ол өзгелерді өзінен бетер жиіркенішті қабылдайды. «Егер барлық адамдармен өз ісіне сай жазаға тартсақ, онда жазадан кім қаша алады?». Бұл бағытта орыс жазушысының романы бір қадам ілгері кетеді. Ол жерде де қылмысты басқа кейіпкер істейді, бірақ оның, әкесі өлген Дмитриймен байланысы бар болып шығады. Оның сексуалды қайшылығы бұл жерде анық айтылады. Сол байланысы бар бауырына Достаевский өзінің ауыруын берген, оны эпилепсиямен ауырады деп сипаттайды. Ол сонысымен де мойындағысы келгендей, яғни мендегі эпилептик, невротик ол – әке өлтіруші дегісі келгендей. Ал сотта кейіпкердің қорғаушысы – психологияны мазақ қылатын мәлімдеме жасайды: таяқтың екі ұшы бар. Бұны тереңдеп қарайтын болсақ Достаевскийдің көзқарасын көре аласыз. Бұл жерде күлкі болған психология емес, сот процесі. «Ағайынды Карамазовтарда» Достоевскийдің мінезіне тән бір эпизод бар. Ол жерде шал мен Дмитрий арасында әңгіме өрбіп, оның әке өлтіруге дайын екендігін мойындап, оның алдына тізерлеп жығылады. Әулие оның алдында, оның әке өлтіруге деген ниетіне жек көрінішпен қарағанның орнына, оның ойына келіскендей сыңай танытады. Достоевскийдің қылмыскерге деген сүйіспеншілігі жай ғана жаны ашығандықтан да жоғары, нақты, тереңдеу. Ол қылмыскерді осыған лайықты деп шешті, орта ғасырларда эпилептиктер мен невроздарға да осындай мейірімді көзқарас болған. Ол үшін қылмыскер кінәні өз мойынына алған құтқарушы іспетті. Енді өлтірудің қажеті жоқ, себебі қылмыскер өлтіріп қойды және Достоевкий оған ризашылығын білдірді, себебі ол жағдайсыз Достоевскийдің өзі өлтіруге мәжбүр болатын. Ол өзінің эгоизмге барып, қарапайым қылмыскерлерді, саяси және діни қылмыскерлерді жазғаннан кейін өмірінің соңында, алғашқы қылмысқа оралып, поэтикалық түрде кешірім сұрады.
Ол өлгеннен кейінгі жарық көрген әйелінің күнделік қолжазбаларында бір эпизод оның өміріндегі маңызды дүниелерді жарқ еткізді (Рулетка басындағы Достоевский). Германияда ол ойынқұмарлыққа салынған. Талмаларға ешқандай потологиялық баға беру мүмкін емес. Бірақ ол өзінің кінәсін қарыз болып қалуымен алмастырған, ол егер ұтқан жағдайда Ресейге қайта оралатынын айтып сылтауратқан. Ол ойынның өз кезегінде - ' le jeu pour le jeu1 – екенін білген. Ол қолында барының барлығынан айырылғанынша тоқтамаған. Соңғы тиынына дейін ұтылғанынша ойын үстелінен тұрмаған. Ол жас әйелінің алдында сансыз кешірім сұрайды, енді ойнамайтынын айтып сансыз уәде береді. Бірақ әйелінің айтуынша, ол уәдесін басым көпшілік жағайда бұзып отырған. Ол онысымен жас әйелінің алдында төмендеуге барған, оның кәрі күнәһар шалға босқа күйеуге шыққандығын өзіне қаратып айтқызып, өзін төмендететін сөздерді боратуын жалынып сұраған. Ол, яғни, өзінің кінәсін сол уақытта да ұмыта алмаған. Ал жас әйелі мұндай циклге еті үйреніп кеткеннен кейін, көп ренішін де білдіре қоймады. Өйткені оның осы жүрісінде бір құтқарушы барын сезді, ол – жазушылық. Оның жазушылығы қолындағы бар ақшасынан айырылып, соңғы дүниесін ойынға салып тастаған кезде ғана алға жылжыған. Бірақ оның неліктен солай екенін, әрине, әйелі түсінген жоқ. Ол тек өзінің кінәсіне лайықты жазасын алған кезде ғана өзін еркін сезіне алды, тиісінше, жетістікке қарай бір неше қадам жасады.
[caption id="attachment_13383" align="alignleft" width="349"] Зигмунд Фрейд[/caption]
Одан едәуір жас жазушының әңгімелерін оқитын болсақ, бала кездегі ұмыт болған бас кешулердің ойын құмарлыққа себеп болатынын байқауға болады. Өз кезінде Достоевскийге очеркін арнаған («Үш шебер») Стефан Цвейгтің «Әйел өміріндегі 24 сағат» атты новелласы бар. Бұл кішігірім шедевр әйелдердің қандай жауапкершілігі аз адам екенін, оның өзіне қатыссыз заңбұзушылықтың олардың сезіміне қатты әсер ететінін айтқан. Бірақ көңіл аударуға тұрарлық эпизодтар бар. Бұл новеллада жасы егде тарқан ақсүйек әйел осыдан жиырма жыл бұрын қандай оқиғаны бастан кешкендігі туралы авторға айтады. Ерте жесір қалған екі баланың анасы – балалары оған енді еш нәрсемен тәуелді болмаған, – үміті үзілген күйі, өзінің мағынасыз саяхаттарының бірінде монаколық казиноға барады. Барлық жабайылықтың арасынан оның көзі екі қолға түседі. Ол қолдар – бар қозғалысы мен күшінің көмегімен, – байқұс ойыншының ойын барысында сезініп отырған сезімін дәл білдіріп отырады. Ол қолдар – әдемі жеткіншектің қолдары болатын (автор ешқандай сілтемесіз оны әйелдің баласымен жасты деп келтіреді) және ол бар дүниесінен айырылған сәтте, сағы сынып сыртқа шығып. өз өмірімен қоштасуға бел буады. Әйел, сүйіспеншілігінің әсерінен бе, оның соңынан еріп, өлуге ұмтылған райынан қайтаруға тырысады. Жеткіншек әйелді монакалық жабысқақ әйелдердің бірі екен деп, одан тезірек құтылғысы келеді. Бірақ әйел оны өз ойынан қайтару мақсатынан тайынбай, соңында оның пәтеріне дейін барып, бір төсекті бөлісуге тура келеді. Қолдан жасалған махаббат түнінен кейін, сабасына түскен жеткіншекке енді ойнамауға сөз алып, оған жүріс-тұрысына ақша қалдырып, өз кезегінде онымен поезд жүргенінше вокзалда кездесуге уәде етеді. Бірақ әйелдің бойынан жеткіншекке деген нәзіктік оянып, ол өзі үшін жеткіншекті сақтап қалуға бар амалды істемекші болады. Ол бар дүниеден бас тартып, жеткіншекпен бірге саяхатқа аттануға бел буады. Жолына не бір нәрсе бөгет болып, ол пойызға кешігіп қалады. Жеткіншекті өзіндік ете алмай қалған соң, өкініштен өзегі өртеніп, ойынханаға қайтып оралады. Сол жерден әлгі қолдарды қайта көреді. Әйел бірден оған барып, өзінің уәдесін есіне салады. Бірақ ойынға берілген жеткіншек оған кетуін бұйырып, сатып алғысы келген ақшасын бетіне лақтырады. Абыройынан айырылған әйел қаладан кетуге мәжбүр болады. Ал кейіннен әйел жеткіншекті өз өзіне қол жұмсаудан құтқара алмағанын естиді.
[caption id="attachment_13384" align="alignright" width="406"] Жазушы, аудармашы Абзал Сүлеймен[/caption]
Бұл бір деммен оқылатын, адамға тәрбиелік, рухтық дүние бере алатын новелла оқырманға керемет әсер ететіні сөзсіз. Бірақ психоанализ бұны басқаша түсіндіреді. Яғни, бұл жерде жеткіншек баланың өзін автоэротикалы қанағаттандыруы. Бала жыныстық қатынас жасына толғанда анасы оны өзі төсекке апарып қосу керек дейді психологияда. Себебі автэротикалық қанағаттандырудың кейінгі салдары құмар ойынға апарып соқпақ. Ол өзіне келесі жолы істемеймін деп, ләззатқа бой ұсынып, тағы соған апарар жол іздейді. Мұнда оның бала кезіндегі «ойынын» құмар ойындары басқан. Оның қолдары да сатқындарша өзін ұстап беріп отырған. Цвейгтің новелласы баланың емес, анасының атынан жазылғаны рас, әрине. Бірақ егер ол баласының атынан жазылғанда, оның осындай психологиялық қиналысын білген анасы өзі-ақ жата салар еді ғой деген де ой болуы мүмкін. Цвейгтің новелласы фантазиялық тұрғысында жасалған дүние, ол жерде қиын келетін дүниелерге ашық қол сұғуға мүмкіндік бар. Егер ойынқұмарлық пен одан арылуға тырысқан сансыз талпыныстар мен өзін жазалауы автоэротикалық қанағаттандырудың салдары болса, онда Достаевскийдің өмірінде осындай ойынқұмарлыққа оның әке өлтіру кінәсі үшін өзін жазалауы әкеліп соққанын білуге болады. Бізде осы күнге дейін автоэротикалық қанағаттандырудың бастапқы немесе асқынған кезеңі орнықты рөлін ойнамағаны әлі кездеспеді. Және одан арылуға деген ұмтылыс пен Достоевскийдің әке алдындағы қорқынышы баршаға жария болды және ол тек оны ескеріп өтуден де үлкен дүниеге лайықты деп есептейміз.
Аударған Абзал СҮЛЕЙМЕН, жазушы.