Freedom Inside '26

Зорлау ісі бойынша сотталған: Семейде ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен

Зорлау ісі бойынша сотталған: Семейде ер адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен
inbusiness.kz

Семейде сотталған адам уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен. Бұл ақпарат алғашында әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Абай облысы Полиция департаменті бұл оқиғаны растап, түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, серуендеу кезінде сотталған адам изолятор аумағынан заңсыз шығып кеткен.

"Жедел ұйымдастырылған іздестіру шаралары нәтижесінде оның жүрген жері анықталды. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қайта қамалды", - деді полиция.

Бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталған.

Ұсталған адам бұған дейін көлікті айдап әкету және зорлау қылмыстары үшін сотталған. Ол 2021 жылы шартты түрде бас бостандығынан айырылған. Алайда жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғандықтан, биыл маусымда сот оның өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырған.