Жол ережесін бұзған 40 мыңнан аса жүргізуші анықталды: ІІМ ауқымды рейд жүргізіп жатыр

Жол ережесін бұзған 40 мыңнан аса жүргізуші анықталды: ІІМ ауқымды рейд жүргізіп жатыр
ІІМ

ІІМ "Қауіпсіз жол" республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Жаз қарсаңында полиция жол апаттарының алдын алу және қала мен тасжолдардағы тәртіпті күшейту үшін ауқымды рейдтер ұйымдастырған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Негізгі назар ең қауіпті құқықбұзушылықтарға аударылған. Яғни мас күйде көлік жүргізу, қарсы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру, рөлде телефон пайдалану және жолаушы тасымалдау ережелерін бұзу деректері бақылауға алынған.

Рейд барысында полицейлер 40 мыңнан аса жол ережесін бұзу дерегін анықтаған. Олардың ішінде 500-ден аса жүргізуші мас күйде көлік басқарғаны үшін ұсталған. Тағы 400-ге жуық жағдайда қарсы жолаққа шығу дерегі тіркелген.

Сонымен қатар, 6 мыңнан аса жүргізуші көлік тізгінінде телефон қолданған. Ал 4 мыңнан аса көлік міндетті техникалық тексеріссіз жүргені белгілі болды.

Қазірдің өзінде 2,6 мыңнан аса көлік айыптұрағына қойылған.