Зейнетақы жинағын пәтерге қолданғысы келетіндерге жағымды жаңалық айтылды

Көркем Алдабергенова 10 қар. 2025 12:36

Қазақстандықтарға біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотеканы өтеуге бағыттауға рұқсат беріледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты ережелерге өзгерістер әзірледі. Бұл өзгерістер зейнетке шыққан кезде берілетін төлемдерге қатысты.

Құжат жобасы азаматтардың БЖЗҚ-дағы қаражатты пайдалану мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Енді зейнетақы төлемдерін төмендегі мақсаттарда қолдануға болады:

  • ипотекалық тұрғын үй займының негізгі қарызын өтеу;

  • ай сайынғы төлемді азайту;

  • несие мерзімін қысқарту.

Ведомствоның мәліметінше, бұл түзетулер тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қаражатын тиімді пайдалану тетіктерін қалыптастыруға және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар