Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген ер адамға сот үкімі шықты

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген ер адамға сот үкімі шықты
gov.kz

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға Үштөбеде болған. Учаскелік инспектор 102 қызметіне түскен шақырту бойынша барған кезде жергілікті тұрғын агрессия танытқан. Ол полиция қызметкерін бетінен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алып, погонын бүлдірген.

Сот барысында прокурор күдіктінің кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақ ұсынған. Осылайша ер адам билік өкіліне күш қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сонымен қатар, сотталған ер адам мәжбүрлі еңбекке тартылып, одан мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген.