Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты

Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты
pixabay.com

Жетісу облысының Ескелді ауданында жеке үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға 25 қыркүйек таңертең Бақтыбай ауылында болған. Барак үлгісіндегі жеке үйден өрт шыққан.

Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге сыртқа шығып үлгерген. Алайда үйде тағы үш бала қалған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйдің ішінен бір, алты және сегіз жастағы үш баланың денесін алып шыққан.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.