Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылған

Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылған
ЖИ: Dalanews.kz

Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен 962 грамм мефедрон табылған. Психотроптық заттың тағы бір аз мөлшері оның жеке заттарының арасынан анықталған., деп хабарлайды dalanews.kz.

Азаматша психотроптық затты өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда істің жекелеген материалдары, оның ішінде электрондық хат алмасу деректері мен психотроптық затты тасымалдау мән-жайлары оны өткізу мақсатының болуы тұрғысынан қосымша бағалауды талап еткен.

Бұдан бөлек, тәркіленген заттың мөлшері 1 кг жуық болып, аса ірі мөлшерге жатқызылған. Бұл мән-жай да оны иемдену мен тасымалдау мақсатын айқындау кезінде ескерілуге тиіс еді.

Прокурордың наразылығы бойынша кассациялық сот үкімнің күшін жойып, қылмыстық істі жаңа сот талқылауына жіберді.