Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Желтоқсан жақындап, күн күрт бұзыла бастады: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Желтоқсан жақындап, күн күрт бұзыла бастады: ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады
ІІМ

ІІМ ауа райы қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ауа райы болжамы

Қазгидромет дерегіне сәйкес еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Жаңбыр мен қар жауып, жел тұрады. Жолда көктайғақ болуы мүмкін. Қолайсыз ауа райы жолдағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

ІІМ не дейді?

Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, көліктер арасында қауіпсіз қашықтық пен бүйір аралықты сақтау, маневрді барынша сақтықпен орындау қажет екені айтылды.

"Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамы мен жол жағдайын алдын ала тексеріңіздер. Қажет болмаса, қалааралық сапарлардан бас тартқан жөн. Сонымен қатар, 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін көліктерді қысқы дөңгелектерсіз жүргізуге тыйым салынады.

Жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз. Жолдан өтер алдында көліктер толық тоқтағанына немесе жүргізуші сізге жол беріп жатқанына көз жеткізіңіз. Жолдан өтер кезде ұялы телефонға алаңдамаңыз, құлаққапты шешіп, айналадағы жағдайды бақылаңыз. Полиция қызметкерлеріне жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырма берілді", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Архат Төлегенов.