Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Бәйтерек” 2027 жылы 8 трлн теңгенің жобаларын қаржыландырмақ

“Бәйтерек” 2027 жылы 8 трлн теңгенің жобаларын қаржыландырмақ
Фото: ЖИ

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі 2027 жылы Қазақстан экономикасын қолдауға 8 трлн теңге бағыттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның ішінде 1,17 трлн теңге өнеркәсіп, инфрақұрылым және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларды іске асыруға жұмсалады.

Тұрғын үй құрылысы да негізгі бағыттардың бірі болмақ. Жоспар бойынша келесі жылы жалпы аумағы 2,7 млн шаршы метрге жуық баспана пайдалануға беріледі.

Аталған бастамаларды қаржыландыру үшін холдинг нарықтан қаражат тарту жұмысын жалғастырмақ.