Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанада қарақшылық шабуыл ұйымдастырған күдікті 10 жылдан кейін Испаниядан экстрадицияланды

Астанада қарақшылық шабуыл ұйымдастырған күдікті 10 жылдан кейін Испаниядан экстрадицияланды
gov.kz

Қазақстанда 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген, Астанада қарақшылық шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген шетел азаматы Испаниядан экстрадицияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы Испаниядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен күдіктіні елге қайтарды.

Тергеу мәліметінше, күдікті екі сыбайласымен бірге алдын ала бетперде мен қолғап дайындап, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кірген. Олар үй иесін күш қолданып бағындырып, пышақпен жарақаттаған. Кейін ақшасын, зергерлік бұйымдары мен электрондық құрылғыларын алып кеткен.

Қылмысқа қатысушылардың бірі оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал қалған екі күдікті тергеу органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.

Олардың бірі кейін Мадрид қаласында ұсталды. Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде ол Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Аталған қылмыс бойынша айып тағылған жағдайда, оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.